
Ағымдағы жылдың 7 тамызында Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Есіл» – «Нұра» аудандарының Мансап орталығы филиалының қызметкері М. Аманбеков «Нұра» ауданының полиция басқармасына барып, Нұра ауданы ПБ ҚҚБ учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бөлім бастығы, полиция майоры Т.Т. Қойшиғаринамен кездесті.
Кездесу барысында полиция есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері және оларды жұмыспен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды.


