Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушілерден «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 30 қазанға дейін ұзартылғанын хабарлайды.

Субсидияланатын жұмыс орындары меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады. Бұл ретте, бір жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан және салық төлемдері, әлеуметтік аударымдар мен еңбекақы бойынша берешегі жоқ жұмыс берушілер қатыса алады.

Субсидияланатын жұмыс орындарын құру кезінде тұрақты жұмыс орындарына арналған бос жұмыс орындарын пайдалануға жол берілмейді. Сондай-ақ субсидияланатын жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.

Жұмыс беруші онлайн-өтінімді www.enbek.kz мемлекеттік порталының жеке кабинеті арқылы бере алады.

Бейненұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=rWvyakXQiKk

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 30 қазанға дейін жалғасады.

Пікірлер өшірілген.