27 тамызда «Жастар» сарайында Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге 50 жұмыс беруші қатысып, жұмыс іздеушілерге 1000 өзекті бос жұмыс орнын ұсынды.

Іс-шараға 500-ге жуық жұмыс іздеуші қатысып, ұйым өкілдерімен тікелей байланысып, еңбек жағдайлары туралы ақпарат алып, өздеріне сәйкес келетін бос жұмыс орындарын таңдауға мүмкіндік алды.

Жұмыс берушілер мемлекеттік қызмет, білім беру, медицина, IT және цифрлық технологиялар, өндіріс, құрылыс, сауда, қаржы, қызмет көрсету және басқа да салалар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі — жұмыс берушілерге білікті мамандарды табуға, ал жұмыс іздеушілерге кәсіби мүмкіндіктерге қарай тағы бір қадам жасауға мүмкіндік береді.

 

Пікірлер өшірілген.