Максұт Нәрікбаев атындағы университетте 4-курс студенттері мен диплом алған түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Есіл–Нұра аудандарының Мансап орталығы» филиалының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Мансап орталығының мамандары студенттер мен түлектерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері, Enbek.kz порталында тіркелу тәртібі, сондай-ақ жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу жолдары туралы ақпарат берді.

Іс-шараның екінші бөлімі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі форматында өтті. Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, өзекті бос жұмыс орындарымен танысып, үміткерлерге қойылатын талаптар туралы мәлімет алды.

Пікірлер өшірілген.