2026 жылдың 16 шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Алматы» – «Сарайшық» аудандарының мансап орталығы» филиалының жұмыспен қамту жөніндегі маманы М.Темешова «Сарайшық» аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсетілетіні, оларға бос жұмыс орындары ұсынылып, кәсіптік оқытуға және қоғамдық жұмыстарға қатысуға мүмкіндік берілетіндігі туралы ақпарат назарларына жеткізілді.

Пікірлер өшірілген.