
Ағымдағы жылдың 3 тамызында Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Есіл» – «Нұра» аудандарының Мансап орталығы филиалының қызметкері М. Аманбеков «Нұра» ауданы Полиция басқармасына барып, полиция есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтармен жұмыс жүргізетін учаскелік полиция инспекторларымен кездесті.
Кездесу барысында полиция қызметкерлеріне аталған санаттағы азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдаудың белсенді шараларына тарту, оның ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына қатыстыру, уақытша жұмыс орындарына орналастыру, сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қатысушылардың сұрақтарына толық жауап беріліп, жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық материалдар таратылды.


