
2026 жылдың 03 — шілдесінде Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы филиалының «Есіл» – «Нұра» аудандары бойынша Мансап орталығының мамандары «Koktal» сауда орталығында қала тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтарға жұмысқа орналастыру бағыттары бойынша жан-жақты ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда, «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары» сондай-ақ жұмыспен қамту мүмкіндіктері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, мемлекеттік қолдау шаралары мен еңбек нарығындағы өзекті мүмкіндіктер кеңінен түсіндірілді.


