
2026 жылғы 4 тамызда Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Алматы» – «Сарайшық» аудандарының Мансап орталығы филиалының мамандары «Сарайшық» аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлескен кездесу өткізді.
Кездесу барысында есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері қарастырылып, өзара іс-қимылды күшейту бағыттары талқыланды.
Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және профилактикалық есепте тұрған азаматтарға қабылдау ұйымдастырылып, мемлекеттік қолдау шаралары, бос жұмыс орындары мен жұмыспен қамту бағдарламалары туралы толық ақпарат берілді.


