Ағымдағы жылдың 4 тамызында Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Есіл»–«Нұра» аудандарының Мансап орталығы филиалының маманы А. Смағұлова «Есіл» ауданының пробация қызметіне барып, пробация есебінде тұрған азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында аталған санаттағы азаматтарға тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу жолдары, оның ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына қатысу, уақытша жұмыс орындарына орналасу және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алу тәртібі туралы ақпарат берілді.

Пікірлер өшірілген.