
Астана қаласының Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омар әріптестерімен бірге «Болашақ ойындары» іс-шарасына қатысып, мектеп оқушыларымен, студенттермен және оқу орнын жаңа тәмамдаған түлектермен кездесті.
Кездесу барысында жастарға «Жастар практикасы» бағдарламасының мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдау шаралары, мансаптық даму жолдары және алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Біздің мақсатымыз – жастардың еңбек нарығына сенімді қадам жасап, кәсіби тәжірибе жинақтап, табысты мансапқа жол ашуына қолдау көрсету.
Егер сіз оқу орнын тәмамдап, жұмыс іздеп жүрсеңіз, «Жастар практикасы» – еңбек жолын бастаудың тиімді мүмкіндігі.


