Ағымдағы жылдың 07 -шілдесінде Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Есіл»-«Нұра» аудандарының Мансап орталығы» филиалының қызметкерлері М.Аманбеков, А.Смагулова «Есіл» ауданының полиция басқармасына барып, аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры А.Байсейтовпен бірге «Мерзімінен шартты түрде босатылған» санатпен есепте тұрған азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында «Есіл»-«Нұра» аудандарының Мансап орталығының қызметкерлері бос жұмыс орындарын ұсынып, мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы айтып берді.

 

Пікірлер өшірілген.