
Ағымдағы жылдың 4 тамызында Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Есіл» – «Нұра» аудандарының Мансап орталығы филиалының қызметкері М. Аманбеков «Нұра» ауданының пробация қызметіне барып, пробация есебінде тұрған азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында аталған санаттағы азаматтарға тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу, оның ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары, уақытша жұмыс орындары, сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алу тәртібі туралы ақпарат берілді.


