
2026 жылғы 8 шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің «Есіл-Нұра» аудандарының мансап орталығы филиалының жұмыс берушілерді қолдау секторының мамандары мемлекеттік қолдау шараларының бірі — «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жастарды жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мамандығы бойынша алғашқы тәжірибеден өтуге кеңес берілді. Ақпараттық-тарату материалдары таратылып, түсіндіру жұмыстары барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді. Бүгінгі таңда жастарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.


