
Ағымдағы жылдың 9-шы шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Есіл» — «Нұра» аудандарының мансап орталығы» филиалының қызметкерлері М.Аманбеков, А.Смагулова «Есіл» ауданының полиция басқармасына барып, аға учаскелік инспектор, полиция майоры А.Байсеитовтің ұйымдастыруымен, аудандық полиция есебінде тұрған және бас бостандығынан айырылу орындарынан жазасын өтеп келген азаматтармен жұмыс істейтін учаскелік полиция инспекторларымен кездесті.
Кездесу барысында полиция қызметкерлеріне жоғарыда аталған санаттағы азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары («Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар», қысқа мерзімді курстар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар) туралы ақпараттар беріліп, деректемелер таратылды.


