Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Заң және тәртіп» жобасы аясында Астана қаласының «Есіл» аудандық Прокуратурасымен бірлесе отырып, пробация қызметінде есепте тұрған және алимент бойынша берешегі бар тұлғалар үшін шағын бос орындар жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шара ағымдағы жылдың 30 қаңтарында сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы бойынша өтеді.
Сіздерді бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз!
Тіркелу және қосымша ақпаратты алу үшін Еңбек мобильділігі орталығына мына телефон арқылы хабарласыңыз:

📞 24-96-23, 24-87-29, 24-89-35

Пікірлер өшірілген.