Жұмыс берушілерден мүгедектігі бар азаматтардың жұмыс орнын жабдықтау үшін субсидияға өтінім қабылданады.
«Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы» КММ мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында арнайы жұмыс орнын жабдықтау үшін жұмыс берушілердің шығындарына субсидия бөлінетінін хабарлайды. Субсидия арнайы жұмыс орнына жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін беріледі.
Жұмыс берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
1) құрылып жатқан арнайы жұмыс орындарының мүгедектігі бар азаматтың жұмыс орны стандарттарына сәйкес келуі;
2) мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын тұрақты жұмыс орны құрылған сәттен бастап сақтау;
3) жұмыс берушіде жалақы бойынша берешектің болмауы;
4) есептелген салықтар, алымдар және бюджетке өзге де міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы;
5) Ерекше азаматқа лауазымына сәйкес мөлшерде жалақы төлеуін қамтамасыз етуі.
Толық ақпарат алу және өтінім беру үшін қалалық «Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы» КММ хабарласуларыңызды сұраймыз.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 9, байланыс нөмірі: 24-95-86


