Психолог және мамандыққа бағдар беру маманының кеңесі.
Стресс, уайым немесе сенімсіздік сезінесіз бе?
Психологиялық кеңес – қиын сәттерде сізге қолдау көрсететін және өмірлік міндеттерді шешу үшін ішкі ресурсты табуға көмектесетін көмек.
Бұл кеңесте сіз өзіңізді тереңірек түсініп, уайымдардың себептерін анықтап, өмір сапасын жақсарту стратегияларын әзірлей аласыз.
Сізге өзіңізді тереңірек түсінуге, уайымдарыңыздың себептерін анықтауға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған стратегияларды әзірлеуге көмектесеміз.
Кеңес беру барысында сіз мыналарды аласыз:
- Жеке психологиялық қолдау;
- Эмоциялық күй мен қиындықтардың себептеріне талдау;
- Стресті азайтуға арналған практикалық ұсыныстар мен әдістер;
- Маңызды шешімдер қабылдауда және ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіруде қолдау.
Қай бағытта қозғалу керектігін білмейсіз бе?
Ересектер мен жұмыс іздеушілерге арналған мамандыққа бағдар беру — өз ісіңді тауып, болашаққа сенімді бол!
Жұмыс іздеп жүрсіз, бірақ таңдаған салаңыздың дұрыс екеніне күмәнданасыз ба? Мамандық ауыстырып жатырсыз, бірақ қателесіп кетуден қорқасыз ба?
Сізге өзіңізді жақсырақ танып, мықты тұстарыңызды анықтауға және сұранысқа ие әрі өзіңізге сенімді бола алатын мамандықты таңдауға көмектесеміз.
Кеңес беру барысында сіз:
- Кәсіби бағдарлауға арналған диагностика (тестілеу және талдау);
- Тәжірибеңізге, қызығушылықтарыңызға және мықты жақтарыңызға талдау;
- Жеке кәсіби бағыттар;
- Білім алу мен жұмысқа орналасуға қатысты ұсыныстар;
- Шешім қабылдауға қолдау.
Орталықтың маманы қала мектептерінің оқушыларына арналған шеберлік сабақтарын өткізеді. Бұл сабақтар болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесуге бағытталған.
Сабақ барысында оқушылар әртүрлі кәсіби бағыттармен танысады, мамандықтардың талаптары мен ерекшеліктері туралы ақпарат алады, сондай-ақ өз кәсіби жолын анықтауға арналған практикалық кеңестер мен жаттығулар орындайды.
Орта және жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауын қолдау мақсатында, Астана қаласының мектептері мен колледждерінің 8, 9, 10 және 11 сынып оқушылары үшін «Мансап Компасы» — цифрлық кәсіби бағдар беру платформасы негізінде профориентациялық диагностика жүргізуге мүмкіндік бар.
Профориентациялық тестілеуді өткізу:
- Оқушылардың жеке кәсіби бейімділіктері мен қызығушылықтарын анықтауға;
- Оқушыларға лайықты қызмет салаларын таңдауға көмектесуге;
- Мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етуге;
- Оқушылардың оқуға және әрі қарай кәсіби дамуға ынтасын арттыруға ықпал етеді.
Бұл профориентациялық тест төмендегі сілтемеде орналасқан және сайтқа тіркелгеннен кейін қолжетімді:
https://mansap.enbek.kz/