Бізге хабарласыңыз
Сізде сұрақтар бар ма?
Төмендегі сұрақтарды қараңыз. Егер сіз жауап таба алмасаңыз, бізге сұрағыңызды жіберіңіз, біз сізге мүмкіндігінше тезірек жауап береміз
Сұрақтар мен жауаптар
Жиі қойылатын сұрақтарЖұмыссыз ретінде қалай тіркелуге болады?
Тұрғылықты жеріңіз бойынша Мансап орталығына жеке куәлікпен, біліміңізді және еңбек қызметіңізді растайтын құжаттармен баруыңыз қажет.
Мемлекет жұмыссыздарға қандай қолдау шараларын көрсетеді?
Мемлекет тегін жұмыс іздеуге көмек көрсетеді, кәсіби оқытуды, жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемдерді, қоғамдық жұмыстарға және уақытша жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін ұсынады.
Жұмыспен қамту орталығы арқылы тегін оқудан өтуге бола ма?
Иә, Мансап орталықтары жаңа мамандық алу немесе біліктілікті арттыру үшін қысқа мерзімді курстарға (1 айдан 6 айға дейін) жібереді, бұл кезде шәкіртақы төленеді.
Жұмысқа орналасу үшін қандай құжаттар қажет?
Әдетте жеке куәлік, диплом/білімі туралы куәлік, еңбек кітапшасы (еңбек өтілі болса), медициналық анықтама (жұмыс берушінің талабы бойынша) және түйіндеме қажет.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға қалай өтініш беруге болады?
- Мансап орталығы арқылы;
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы (egov.kz);
- SMS-хабарламалар арқылы проактивті форматта;
4. Екінші деңгейдегі банк арқылы.

