Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы  – жұмыс іздеу, жұмыссыз ретінде тіркеу, кәсіби бағдарлау және қайта даярлау, сондай-ақ жеке кәсібін ашуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсететін коммуналдық мемлекеттік мекеме. Орталық сондай-ақ еңбек нарығын бағалауды жүзеге асырып, оның жай-күйі туралы халықты хабардар етеді.

  • Құрылған жылы: 2011 жыл
  • Меншік нысаны: Коммуналдық мемлекеттік мекеме
  • Заңды мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9
  • Санаты: Азаматтық қызметшілер
  • Жұмыс ұйымдастыру:

Еңбек мобильділігі орталығы өз функцияларын Мансап  орталығы арқылы жүзеге асырады.

  • Мансап  орталығына жүгінген жұмыс іздеушілерге, жұмыссыз азаматтарға және жұмыс берушілерге еңбек делдалдығы қызметін көрсетеді;
  • жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, халықты, жергілікті атқарушы органдарды және еңбек ресурстарын дамыту орталығын қала брйынша еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді;
  • өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыз ретінде тіркейді;
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға және жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге өтініштерді қабылдайды;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша қаланың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;