Тұрақты жұмысқа орналастыру.
Еңбек мобильділігі орталығында жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіледі — яғни, тұрақты жұмыс орнына бос жұмыс орындары таңдалады. Орталық қызметкері үміткердің мамандығы (лауазымы), кәсіби дайындығы мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мен дағдылары, жалақы деңгейі, жұмыс уақыты режимі, сондай-ақ жұмыс берушілердің бос жұмыс орнын тіркеу кезінде қойылған басқа талаптары мен шарттарын ескере отырып кандидаттарды іріктейді.
Орталық қызметкерлері бос жұмыс орындарға үміткерлердің түйіндемелерін жұмыс берушілерге жолдайды.
Сұхбат сәтті өткен жағдайда жұмыс берушілер үміткерді тұрақты жұмыс орнына қабылдайды.
Сонымен қатар, азаматтар өздері де «Электрондық еңбек биржасы» порталына (www.enbek.kz) кіріп, бос жұмыс орындарының тізімімен танысып, түйіндемесін тіркей алады.