Тамыз айында елордада жастарға арналған кезекті жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараны «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты, Астана қаласының әкімдігі және Халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп өткізді.

Бұл жәрмеңке қатарынан үшінші жыл өткізіліп отыр. Биылғы нәтижелер:

  • 70-тен астам ұлттық және халықаралық жұмыс беруші;

  • шамамен 3000 жас жұмыс іздеуші;

  • 2000-нан аса бос жұмыс орны;

  • ел көлемінде 50 мыңға жуық қатысушы.

    Айта кетейік, бұл жәрмеңке еліміздің барлық облыс орталықтарында «бір терезе» қағидаты бойынша өтті. Мұнда жастарға тек жұмыс табуға ғана емес, мемлекеттік бағдарламалар, тәжірибе және кәсіби даму бойынша кеңес алу мүмкіндігі берілді.

Пікірлер өшірілген.