Елордада жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия жұмысы аяқталды.

Екінші лекте 2025 жылғы 11 тамыздан 22 тамыз аралығында 448 азамат грант алуға өтініш берді.

Ағымдағы жылдың 26-29 тамыз аралығында грант алуға үміткерлер бизнес-жобалар бойынша қорғауды жүргізді. Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша 65 үміткерге гранттар беру мақұлданды.

Комиссия отырысы мансап орталықтарының әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде трансляцияланды.

Айта кету керек, гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

 

 

Пікірлер өшірілген.