Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы »КММ-де «Жастар мен мамандардың тиімді еңбек көші-қоны үшін диалог — 2025» атты халықаралық конференция қатысушылары келді.
Орталық Азия мен Еуропа елдерінің өкілдері жастардың еңбекпен қамтылуы, көші-қон және кәсіби дағдыларын дамыту мәселелерін талқылады.
Делегацияның бұл сапары жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мен еңбек қатынастары саласында елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған тәжірибе алмасу және инновациялық шешімдерді іздеудегі маңызды қадам болды.

Пікірлер өшірілген.