Атаулы әлеуметтік көмек Әлеуметтік кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген жағдайда, тұрғылықты жері бір елді мекен шегінде, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген күннің алдындағы алты ай ішінде уақытша болу (тұру) орны бойынша, мынадай жағдайларды қоспағанда, тіркелумен расталады, атап айтқанда:
- төтенше жағдайлар;
- мынадай негіздер бойынша мұқтаждар:
- әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;
- үйінің болмауы (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
- бас бостандығынан айыру орындарынан босау.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда мансап орталығы немесе әкім атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мақсатында өтініш берушінің белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына уақытша тіркеуге тұруына жәрдемдеседі.
Анықтама: отбасының әрбір мүшесіне АӘК мөлшері әр аймақтың ЕТКМ көрсеткішіне байланысты анықталады. АӘК тағайындау критерийі кедейлік шегі болып табылады, оның мөлшері ЕТКМ-нің 70% — на тең. Егер отбасының әрбір мүшесінің жан басына шаққандағы орташа табысы осы көрсеткіштен төмен болса, онда айырмашылық бір адамға АӘК мөлшерін құрайды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік кодекске сәйкес кедейлік шегі халықтың медиандық табысының 35%-ы деңгейінде анықталады. Бірақ ол өңірлік күнкөріс минимумының 70%-інен төмен болмауы керек.
Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.
ШАРТСЫЗ АҚШАЛАЙ КӨМЕК БЕРІЛЕДІ:
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз адамдарға: Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына; бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне; екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;
- құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын кірісі аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек беріледі:
Шартты ақшалай көмек жалғызілікті немесе жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері), оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамту шараларына қатысқан кезде және (немесе) әлеуметтік бейімдеу қажет болған кезде ай сайынғы төлемдер түрінде көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмекті тағайындаудың міндетті шарты – әлеуметтік келісім-шарттың жасалуы.
Қызметті қалай алуға болады:
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы (eGov.kz);
- Мансап орталығы арқылы;
- Proактивті форматта SMS-хабарламалар арқылы;
- Екінші деңгейдегі банктердің (мысалы, Halyk) мобильді қосымшалары арқылы.
АӘК тағайындау және төлеу тәртібі:
Өтініш беруші квартал сайын отбасының цифрлық картасында табыстары туралы ақпарат болмаса, АӘК алуға құқылы екенін растайды.
- «Портал», мансап орталығына жүгінген кезде – мансап орталығы құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
- Проактивтік қызмет көрсетілген кезде – адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге адамның (отбасының) келісімін алған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
- Екінші деңгейдегі банк ұйымдары (ЕДБ) арқылы өтініш бергенде – мансап орталығы құжаттар пакетін тіркеген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде;
- Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салу ресімдеген жағдайда құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі өтініш берушіге жазбаша хабарлама жібере отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұзартылады