Жастар практикасы жоғары оқу орындарын бітірген түлектерге мамандығы бойынша алғашқы тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Жастар практикасына 35 жасқа толмаған, оқуын аяқтағаннан кейінгі 5 жыл ішінде жастар жіберіледі.
Қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Еңбек уақыты еңбек өтіліне есептеледі.
Жалақы мөлшері — 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК).

Қоғамдық жұмыстар жұмысшының алдын ала кәсіби дайындығын талап етпейді, қала үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз етеді. Қоғамдық жұмыстар көбінесе төмен білікті, қосалқы және көмектесші жұмыстар болып табылады.
Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздар, оқу уақытынан тыс уақытта студенттер және мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатыса алады.
Қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Еңбек уақыты еңбек өтіліне есептеледі.
Жалақы мөлшері кемінде 35 АЕК.

 

Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілер тарапынан жұмыссыздарды, оның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелерін, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларды және әлеуметтік осал топтарға жататын басқа да тұлғаларды жалақысын субсидиялау арқылы жұмыспен қамту үшін құрылады.
Қатысу мерзімі 12 айдан аспайды.
Ай сайынғы субсидия көлемі белгіленген жалақының 35%-ын құрайды, бірақ 24 АЕК-тен аспайды.

«Күміс ғасыр» жобасы — жұмыс беруші тарапынан зейнеткерлікке дейінгі жастағы адамдарды жұмыспен қамтуға арналған жұмыс орны.
Қатысушылар 50 жастан асқан жұмыссыздар.
Қатысу мерзімі 36 айдан аспайды.
Жалақы мөлшері:

  • алғашқы 12 айда – жалақының 70%
  • 13-24 ай аралығында – 65%
  • 25-36 ай аралығында – 60%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.

 

Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту.
Кәсіпкерлік негіздері порталы business.enbek.kz сайтында онлайн оқытылады (бұдан әрі – Портал).
Оқыту курсының ұзақтығы басталған күннен бастап 14 күннен аспайды.
Сертификат жеке кабинетте көрсетіледі және алынған күннен бастап үш жыл бойы жарамды.

 

Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік гранттар беру
Грантқа үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыған, Мансап орталығында тіркелген жұмыссыздар, бастапқы жеке кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
Гранттар әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға бастапқы бизнесті жүзеге асыру үшін қайтарымсыз және ақысыз негізде 400 АЕК көлемінде беріледі.

 

Қысқа мерзімді кәсіби оқыту
Оқу мерзімі 1 айдан 6 айға дейін.

Оқу ұйымдарында кәсіптік оқудан өтуші қатысушыларға мемлекет тарапынан оқу ақысы төленіп, 43 574 теңге мөлшерінде стипендия, медициналық тексеруден өту үшін 2 АЕК көлемінде материалдық көмек қарастырылады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің жұмыс орнында тәжірибеден өтетін кезеңде ай сайын 20 АЕК мөлшерінде жалақымен қамтамасыз етіледі.