Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы – жұмыс іздеу, жұмыссыз ретінде тіркеу, кәсіби бағдарлау және қайта даярлау, сондай-ақ жеке кәсібін ашуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсететін коммуналдық мемлекеттік мекеме. Орталық сондай-ақ еңбек нарығын бағалауды жүзеге асырып, оның жай-күйі туралы халықты хабардар етеді.
- Құрылған жылы: 2011 жыл
- Меншік нысаны: Коммуналдық мемлекеттік мекеме
- Заңды мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9
- Санаты: Азаматтық қызметшілер
- Жұмыс ұйымдастыру:
Еңбек мобильділігі орталығы өз функцияларын Мансап орталығы арқылы жүзеге асырады.
- Мансап орталығына жүгінген жұмыс іздеушілерге, жұмыссыз азаматтарға және жұмыс берушілерге еңбек делдалдығы қызметін көрсетеді;
- жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, халықты, жергілікті атқарушы органдарды және еңбек ресурстарын дамыту орталығын қала брйынша еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді;
- өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыз ретінде тіркейді;
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға және жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге өтініштерді қабылдайды;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша қаланың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;